Бүгіннен бастап өңірлерде Парламенттегі саяси партиялардың барлық фракцияларының мүшелері, сондай-ақ Қазақстан халқы ассамблеясының депутаттары іс-сапарға шықты. Онда депутаттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум өткізудің маңыздылығын түсіндірді. Басты мақсат – нақты саяси бәсекелестік үшін жағдай жасау, халықтың елді басқаруға қатысуын арттыру, қазақстандықтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық тетіктерін күшейту. […]