«Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының» кешенді жоспарын орындау мақсатында «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасын халық арасында насихаттауға арналған арнайы топ мүшелерінің кезекті кездесуі Сырдария ауданындағы Ақжарма және Н.Ильясов ауылдарында жалғасып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Кездесулерде ауыл тұрғындарына кооператив құру идеясы ұнады. Алайда оны ауылдарда жүзеге асыру үшін, нақты жобаларды ойластыру қажеттігі де атап өтілді. #8230;