«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында Қоғамдық саясат институтының базасында іске қосылған «TALQYLAU» диалог алаңының кезекті отырысы өтті. Ашық пікірталас барысында сарапшылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Мәжіліс депутаттары алдағы жалпыұлттық референдумның маңызын талқылады. Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев өз сөзінде жалпыұлттық референдум арқылы Конституцияға енгізу үшін ұсынылып отырған түзетулер Жаңа Қазақстанның негізгі құндылықтары – ашықтық пен демократияға […]