«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында «TALQYLAU» диалог алаңының кезекті отырысы өтті. Бұл жолы сарапшылық талқылаудың тақырыбы референдумның қорытындысы мен Жаңа Қазақстанның Конституциясы болды. Жиынға қатысқан ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов референдум қорытындысы қоғамдық топтасудың жаңа деңгейін көрсеткенін атап өтті. «Бұл еліміздің одан әрі даму болашағы туралы билік пен қоғамның ортақ түсінігі бар екенін білдіреді. Азаматтар […]