Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII съезінде айтты. «Бүгіннен бастап AMANAT партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатамын. Мен партия төрағасы лауазымына Ерлан Жақанұлы Қошановты ұсынамын. Оны баршаңыз жақсы білесіздер. Ерлан Жақанұлының ұйымдамтыру қабілеті жоғары, тәжірибелі әрі білікті азамат», – деді Президент.