Түркістан облысының полицейлері қызметкерінен ірі көлемде ақша талап еткен басшыны ұстады деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікпен Сарыағаш ауданының тұрғынын ұстады. Нақтырақ айтсақ, Криминалдық полиция басқармасына Келес ауданының тұрғыны шағымданып, басшысының үстінен арыз түсірді. …