Қазақстан аумағының басым бөлігінде мамыр бойы ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады, – деп хабарлады Қазгидромет. Синоптиктердің болжамы бойынша мына өңірлерде орташа құрғақшылық күтіледі: Ақмола облысы Степногорск қаласының маңында; Солтүстік Қазақстан облысы, М. Жұмабаев атындағы ауданда; Қызылорда облысы, Арал ауданында; Ақтөбе облысының Әйтеке би және Хромтау аудандарында. Ал қатты құрғақшылық мына өңірлерде болады: Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында; Маңғыстау облысы, Маңғыстау …