Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда таңдау жасаған соң, журналистердің сауалдарына жауап берді. Президент өз сөзінде қаңтар оқиғасына қатысты айтты. «Мен қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке байланысты ел аумағында 20 мың террорист болғанын айтқан едім. Бұл санды бұрынғы құқық қорғау органдарының басшылары ұсынған. Ал сол кезде бір уақытта Қазақстанның 13 қаласында қоғамдық тәртіпті бұзу мақсатында билікке қарсы қарақшылық […]