Айда су өндіруге арналған робот жобасын Ресей ғалымдары әзірлеп шығарған. «Риа-Новости» ақпарат көзінің дерегіне сенсек, бұл жоба Курчатов институтында әзірленген. Институт мамандары әзірлеген жобада Айдағы топырақтан су алуға болатындығы дәлелденген. Жоба авторларының мәлімдеуінше, техника Айдағы топырақтан су өндіріп, болашақта ай станциясын сумен қамтамасыз етуге болады. Сонымен қатар ондағы зымыран қозғалтқыштарына жанар-жағармай құюға да мүмкіндік бар […]