Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің шекара әскерлері Қырғызстанның үш азаматына қарсы қару қолданған. Бұл туралы Kabar.kg Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Оқиға Жалал-Абад облысы Ала-Бұқа ауданы Ақтам ауылдық әкімшілігіне қарасты Добо-Коргон елдімекені маңындағы мемлекеттік шекараның қырғыз-өзбек учаскесінде болған. «Оқ тиген Қырғызстан азаматтары 1974 жылы туған А.К., 1998 жылы туған А.Ж. және […]