Ресейдің Ульянов облысында ер адам балабақшада бала күтуші мен 2 баланы атып кетті, – деп хабарлады ТАСС. «Ер адам балабақшаға кіріп, бала күтуші мен 2 баланы атып кетті», – деген агенттікке хабарлаушы қылмыскер өз-өзіне қол салғанын жеткізді. Қайғылы оқиғаға түрмыстық жанжал себеп болуы мүмкін. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.