Киевте сот Сум облысының қарусыз тұрғыны 62 жастағы Александр Шелиповты өлтірген 21 жастағы ресейлік әскери қызметші Вадим Шишимаринді өмір бойына соттады. Вадим Шишимарин сотта өзінің кінәлі екенін мойындап, қайтыс болған ер адамның жесірінен кешірім сұрады. РФ сарбазы Александр Шелиповты өлтіргісі келмегенін, офицердің бұйрығымен атқанын айтты. Адвокат сотталушыны ақтауды сұрады. Сотта келтірілген дәлелдерге сәйкес, 28 ақпанда […]