Әлеуметтік желілерде таралып жатқан қарулы адамдардың атысы туралы бейнекадрлар биылғы қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні Тараз қаласында болған. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, онда саны 350-ге дейінгі топ атыс қаруын қолданып, ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментін басып алғысы келген. «Қорғаныс барысында атыс жарақатынан департаменттің терроризмге қарсы күрес орталығының бөлім бастығы подполковник Дастан […]