«Қазгидромет» РМК 4 мамыр күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. Алматы қаласында 4 мамыр кешке және 5 мамыр түнде қатты жаңбыр күтіледі. 4 мамыр таңертең және күндіз, 5 мамыр тәулік бойы найзағай болады. 5 мамыр бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Қарағанды облысының шығысында, орталығында найзағай күтіледі. […]