Ел ішінде дарынды балалар көп. Өнердің сан түрін шебер игерген балалардың қарым-қабілетіне таңғаласың. Солардың бірі Көкшетау қаласындағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушысы – Камила Сашкақызы. Камила ұлы Абайдың 160 өлеңін жатқа біледі. Қазақтың бас ақынын өзінің пірі санаған қыз болашақта тіл маманы атанып, қаламды серік етуге ниетті. «Мен 3-сыныптан бастап Абай оқуларына қатыса […]