Ақтаудағы Приморский жағажайында бір жасөспірім суға батып кетті. Куәгерлер екі адамды құтқарып қалған, деп хабарлайды lada.kz. Оқиға жайлы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне куәгерлерден қоңырау келіп түскен. «Куәгерлер Приморский тұрғын алабына қарама-қарсы «Солдат» жағажайында 17 жастағы жасөспірім суға батып кеткенін айтты. Қазір сүңгуірлер іздеп жатыр. Куәгерлер екі адамды құтқарған», – деді Маңғыстау облысы ТЖД өкілі.