Ақтау тумасы Жәнібек Жарасұлы 10 күнде бір миллион теңгеден аса қаражат жинап, африкалық балаларға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Lada.kz. Басылым мәліметінше, Ақтаудағы қазақ-түрік лицейінің түлегі кейін оқуын Ыстамбұлда жалғастырған. Оның айтуынша, қалада Африка балаларына көмектесу туралы үндеулер жарияланған. «Бірде «Африка медресесінің балаларын қолдау» туралы үндеуді көрдім. Кінәлі сезіндім бе, аяушылық сезімі ме – мені […]