Ақтөбеде жүргізуші Қарақобда өзеніне түсіп кетіп, көлігімен батып кетті. «ЗАЗ-Шанс» автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі, Қурайлы кентінің тұрғыны Алға ауданында жай жолмен жүріп, рульді басқара алмай қалды. Салдарынан Қарақобда өзеніне аударылып кеткен. Көлік ішіне су толып, жүргізуші қаза тапты«, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.