12 жастағы мектеп оқушысының өліміне қатысты Ақтөбедегі №60 мектептің директоры Абзал Тәжімішев пікір білдірді, – деп хабарлайды «Диапазон». Директордың айтуынша, 2010 жылы туған бала 6-сыныпта оқитын. Отбасында үш бала. «Маған ақпарат шамамен сағат 23.00-де түсті. Мен бірден 3-шағынауданға келдім. Мені кіргізбеді. Ата-аналар арқылы, чат арқылы балаларымызды іздей бастадық. Бір бала үйінде жоқ екен», – деді […]