Жолаушылар пойызы Алматы метросындағы станциялар арасында тоқтап қалды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр. Метрополитен» КМК баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. «Пойыз техникалық себептермен Алмалы мен Абай стансалары арасындағы туннельде тоқтап қалды. Қазіргі уақытта нақты себептері анықталып жатыр. Қосымша ақпарат берілетін болады. Пойыздар кестесі қалпына келтірілуде»,- деп хабарлады «Метрополитен» КМК баспасөз қызметі.