Жаңбыр суының шайып кетуіне байланысты Алматы-Өскемен тас жолының 382-410 шақырымы жабылды. Тұрғындарға 112 номерінен «Алматы-Өскемен тас жолының 382-410 шақырымы жабық. Көпір шайылған, жол жабық» деген хабарлама жолданды. «Республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен тас жолының 393-395 шақырымын қатты жауған жауын суы шайып кетті. Апаттық жағдай болған жерде 4 жүк көлігі тұр. Жүргізушілермен байланыс орнатылған, азық-түлікпен қамтамасыз етіледі. […]