Алматыда екі жігіт тақтайшаларда жазылған ескертудерді елемей, қорғаныс қоршауларынан аттап, техникалық аумаққа кіріп, қоршаудағы жолбарысты ызаландырған. Бұл туралы хайуанаттар бағының Instagram-дағы парақшасында жарияланды. «Өкінішке қарай, қауіпсіздік қызметкерлері хайуанаттар бағының әр бұрышында тұра алмайды. Өйткені, зообақ аумағы үлкен – 21 га. Біз жануарларға осындай дөрекі іс-әрекеттер жасалғанын қаламаймыз. Қазіргі уақытта осы мәселе жан-жақты қарастырылып жатыр. Кінәлілер міндетті […]