22 сәуірде полиция қызметкерлері Шымкент қаласында жоспарлы рейдтік шаралар өткізді. Атап айтқанда, қорғаныс істері жөніндегі басқармалардың шақыртуымен келмегендер мен әскерден жалтарғандарды іздестіру жүзеге асырылды. Нәтижесінде шақыру учаскесіне 6 шақырылушы жеткізілді, – деп хабарлады Қорғаныс министрлігі. «Өткізілген рейдтік шаралардың қорытындысы бойынша ата-аналар немесе әскерге шақырылушылар тарапынан қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға шағымдар түскен жоқ. Сонымен бірге мәлімделген мекен-жайда тұрмайтын әскерге шақырылушыларға шақыру […]