Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар» атты брифингте конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобы Ата Заңға енгізілетін түзетулердің жобасымен таныстырды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауы елімізде жүргізіліп жатқан демократиялық үрдістерге тың серпін берді. Мұнда «Жаңа Қазақстанның» жаңаша келбетін қалыптастыру, оны құру бағытында тұрған міндеттер мен оларды шешу жолдары айқын […]