Атырау облысында жолаушылар пойызы мотоцикл мінген ер адамды қағып кетті. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, оқиға 16 мамыр күні Құлсары – Бейнеу аралығында болды. Сағат 17.50-де күзетілмейтін реттелетін өткелде мотоцикл мінген ер адамды Атырау-Маңғыстау бағытында жүретін №314 жолаушылар пойызы қағып кеткен. Ер адам Құлсары қаласындағы ауруханаға жеткізілгенімен, сонда көз жұмды. ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі болған […]