Атырауда мектеп оқушысы 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inform.kz. Атырау облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, мектеп оқушысы психотроптық заттарды сақтау, тасымлдауға қатысты айыппен сотталған. «Мысалы, кәмелет жасына толмаған оқушы К Telegram интернет-арнасынан жұмыс тәжірибесі жоқ болса да жалақысы жоғары жаяу курьер қажет екені туралы хабарландыруды тапқан. Ол осы хабарландыруға қызығушылық танытқан. Курьердің жұмысына […]