Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы күллі мұсылмандардың ұлық мерекесі – Ораза айтпен құттықтады. Діни басқарма басшысының айтуынша, «айт» сөзі «мерекелеу», «бірін-бірі қуанту, «хал сұрасу» дегенді білдіреді. Сондықтан да ораза айт – адамды мейірімділік пен сауапты іске шақыратын мереке. «Ораза айт – бір ай бойы ораза ұстап, ықыласпен жақсылық жасаған адамның […]