Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы сайлауалды платформасында ел үшін маңызды шешімдер референдум арқылы қабылданатынын айтқан болатын. Енді, міне Конституцияға енгізілетін жаңа өзгерістерді де жалпыхалықтық референдум арқылы енгізуді ұсынып отыр. Іс жүзінде жаңа саяси модельді қалыптастыру, билік институттары арасындағы тежеу мен тепе-теңдіктің теңдестірілген тетіктері үшін, жабық жүйеден ашық саяси жүйеге көшу үшін ашық плебисцит өткізіледі. […]