Батыс Қазақстан облысында төрт адамды жарақаттаған қасқыр құтырған болып шықты. Оқыс оқиға мамыр айының басында орын алған. Сол кезден бастап ауылда карантин жарияланып, мал етін сатуға уақытша тыйым салынған. Шоқыбай ауылдық округінің әкімі Әділ Қаражанов «Уральская неделя» басылымына жыртқыш аңнан зардап шеккендер вакцина алып жатқанын, сондай-ақ олармен байланыста болғандықтан өзі де ем алып жүргенін жеткізді. […]