Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады. Қостанай облысының солтүстік-батысында, батысында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз батыста, солтүстікте жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жел екпіні 15-20-23 м/с күшейеді. Түнде шығыста найзағай ойнайды. Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстікте, батыста, шығыста 15-20 м/с жел соғады. Күндіз оңтүстікте шаңды дауыл болады. […]