Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов қатысқан Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында мәлім етілді. Бұған дейін жауапты мемлекеттік органдарға салалық объектілер мен ұйымдарды жекешелендірудің негізділігіне, оның ішінде жеке операторларды құру тұрғысынан талдау жүргізу тапсырылған еді. Оның нәтижесінде бірқатар коммуникациялық, инфрақұрылымдық және өндірістік компанияны мемлекеттік меншікке беру ұсынылды. Бүгінде республикалық меншікке бірқатар кәсіпорын мен мекеменің акциялары […]