– Конституцияға енгізілетін өзгерістер еліміз үшін, халық үшін өте маңызды. Сайлау жүйесіне қатысты түзетулерді алатын болсақ, депутаттарды халық өзі сайлап, өздері мандатынан айыра алатын мүмкіндік қарастырып жатыр. Мәселен, сайлауға түсетін депутаттар партия тізімінде емес, бір мандаттық округтер бойынша бағдарламасымен таныстырып, алдағы жоспарымен бөлісе алады. Сайлау жүйесінің аралас жүйеге ауысуы демократияланудың даңғыл жолына түсудің алғашқы қадамы. […]