Бүгін Нұр-Сұлтандағы паралимпиадалық жаттығу орталығында инклюзивті черлидинг, чир-спорт және мажорет-спорт бойынша Қазақстандық ашық турнир өтуде. Турнирге Қазақстанның әр өңірінен 200-ден астам бала қатысып жатыр, деп хабарлады Elorda.info. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және ерекше физикалық қажеттіліктері бар адамдар арасында паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту. Турнир паралимпиадалық спорт түрінен өткізіліп жатыр. Бұл біздің […]