Нұр-Сұлтанда велосипед теуіп жүріп, жолға шығып кеткен 8 жасар баланы көлік қағып кетті. Оқиғаның видеосы әлуметтік желіде таралды. «Бала көлікке қарама-қарсы бағытта велосипед келе жатқан. Аталмыш факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері жүргізушілер мен жолаушылардан жол ережесін сақтауды сұрайды», – деп хабарлайды баспасөз қызметі.