Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылған Епископтар конференциясына қатысушыларға үндеу жолдады. Конференцияның пленарлық отырысы Қазақстан астанасында өтті. Президенттің үндеуін Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып берді. Үндеуде Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 30 жылында Қазақстан «әралуандық арқылы бірлік» қағидатына негізделген этносаралық және қоғамдық келісімнің бірегей моделін қалыптастырғанын айтты. Ел Президенті Қазақстанда толеранттылық пен өзара түсіністікке […]