Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Сыр өңіріне сапары барысында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірге облыс активімен, зиялы қауым өкілдерімен, қоғамдық кеңес мүшелерімен және өңірдің белсенді жастарымен кездесу өткізіп, елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен жалпыхалықтық референдум туралы пікір бөлісті. Қызылорда облысының активімен жүздесу кезінде өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаев аймақтың экономикалық дамуының негізгі бағыттары мен әлеуметтік […]