Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды. Бюрода стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қарау ұсынылды. Үкіметтік заң жобасы стресті активтердің өтімді нарығын дамыту және стресті активтерді экономикалық айналымға тарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. […]