Жаңаөзенде аулаларды, үйлерді, көшелерді, сондай-ақ үш мектеп пен балабақшаны су басқан. Оқушылар уақытша қашықтан оқытуға көшірілді, деп хабарлайды LADA.kz. Құтқарушылар су басу жағдайларын жою бойынша жұмыстарды жалғастыруда, жаңбыр суын сору жүргізіліп жатыр. «Жаңаөзен қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Жаңаөзен қаласы өрт сөндіру бөлімінің арнайы техникасын және су сорғыш құрылғыларды жұмылдыра отырып, жаңбыр […]