«Өнеркәсіпті дамыту орталығы» акционерлік қоғамы автонесиелеу бағдарламасының 4 пайыздық жұмыс механизмін түсіндірді. 4 пайыздық несие рәсімдеудің қысқаша нұсқаулығы мынадай: 1. Бағдарламаға қатысушы адам дилерлік орталыққа барып, Қазақстанда жасалатын көліктердің ішінен өзіне қажетін таңдайды. 2. Егер ол таңдаған көлік (қалаған жиынтығымен қоса) бар болса, автосалон VIN-коды бар төлем шотын ұсынады. Ол төлем шоты 5 күнге жарамды. […]