Жетісу облысында жолаушылар автобусы аударылып, бір адам мерт болды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік апаты Алматы-Өскемен тас жолының 396-шақырымында болған. «Маусымның 11-інен 12-сіне қараған түні Ақсу ауданы Тарас ауылының маңында жолаушылар автобусы аударылды. Алдын ала болжам бойынша, «Setra» автобусының 50 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Көлік Зайсан қаласынан Алматыға қарай келе […]