Қарағанды облысы Приозерск қаласынан Қаражал қаласына қарай автокөлікпен жолға шыққан екі адам дала кезіп үш күн жүрген. 3 маусымда шамамен жолдың ортасында олардың көлігі бұзылып қалған. Қалаға жаяу қайтуға бел буған екеуі адасып қалған. «Ер адамдар бірге 100 шақырымдай жол жүрген. Біреуі әбден шаршап, қараусыз қалған ғимаратта қалуды ұйғарған. Ал екіншісі ары қарай жүрісін жалғастырған. […]