Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапары аясында екі ел үкіметтері арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. «Келісімнің басты бағыттары: оқытушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдары басшыларының тәжірибе алмасуы. Білім беру саласында жаңа технологияларды қолдану бойынша тәжірибе алмасу. Өзара негізде білім […]