«Қазгидромет» РМК 30 сәуір мен 1-2 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. «Демалыс және мереке күндері күн суық болады. 1 мамырда тағы бір суық антициклон ел аумағына басып кіріп, жылы ауа массаларын елден тыс жерлерге ығыстырады. Суықтың көп бөлігі солтүстік өңірге тиесілі болады, мұнда термометр бағаны түнде 0-5 градусқа дейін төмендейді», — делінген хабарламада. Мамандар […]