Бес ай бұрын жоғалып кеткен Қостанай облысының тұрғыны өлі табылды. Alau.kz-тің мәліметінше, жоғалған адамның қазасы туралы ақпаратты «Дос» іздестіру-құтқару жасағының еріктілері хабарлаған. Ер адам 2021 жылдың желтоқсанында жоғалып кеткен. Ол 18 желтоқсанда Лисаковскіден шығып кеткен. Сол күні түнгі сағат 3-те трассадан түсіп қалған. Кейін ер адам жоғалып кеткен.