Мемлекет басшысының өкімімен Мәлік Нұржанұлы Отарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Мәлік Нұржанұлы 1980 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысы, Ақжар ауылында туған. Еңбек жолын 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде стажер-зерттеуші болып бастаған. 2003-2016 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде […]