Алматыда мамыр айында орташа айлық температура нормадан жоғары болады. Бұл ретте жауын-шашын мол жауатыны күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті. Синоптиктердің болжамына сәйкес, бұл айда Алматыда орташа ауа температурасы +17,5 градус болады. «Алғашқы онкүндіктің басында температура түнде +10+15-тен +5+10 градусқа дейін, күндіз +27+32-ден +20+25 градусқа дейін ауытқиды деп күтіледі. Онкүндіктің соңында түнде +5+10, күндіз +15+20 […]