Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрып, «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» жол учаскесі жабылды. «Маңғыстау өңірінде шаңды дауыл соғып, жолдың көрінуі қиындауына байланысты жол учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылды. Атап айтқанда: «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының 647-712 шақырымында көліктерге жүруге болмайды. Бұл Шетпе-Жетібай учаскесі», -делінген Қазавтожол хабарламасында. Ауа райы қолайсыздығынан жол қозғалысына шектеу бүгін сағ.13:30-дан бастап (Нұр-Сұлтан уақытымен) енгізілді.