Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев «Франция-Орталық Азия» достық тобының төрағасы Эрве Море бастаған Француз Республикасы Сенатының делегациясымен кездесті. Мәулен Әшімбаев әңгіме барысында еліміздің саяси жүйесін трансформациялауға бағытталған конституциялық реформа туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сенат Төрағасы ел Президентінің бастамасы бойынша жүзеге асқан барлық өзгерістердің түпкі мақсаты – қазақстандықтардың өмірін жақсарту, саяси бәсекелестік үшін жағдай […]