3 маусымда Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер және жаңа Қазақстанның елшілдік әлеуеті» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға ведомствоға қарасты Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қ.Бораш, Түркітану және алтайтану ғылыми зерттеу орталығының директоры, түрколог ғалым Қ.Сартқожаұлы, Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібекұлы, профессор С.Негимов, геральдист […]