Палата Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Онда депутаттар мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат Парламент Мәжілісі мен Сенаты депутаттарының бастамасымен әзірленген. Жұмыс тобының жетекшісі Лариса Павловецтің айтуынша, заң жобасын талқылауға мүгедектігі бар адамдардың мүдделерін білдіретін және қорғайтын мемлекеттік органдардың, […]